Қауіп-қатерсіз вертуалды кеңістік » КГКП Ясли сад №48
Алматы қаласы білім басқармасының
«№48 бөбекжай-балабақшасы» балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 302-81-06
Әдіскер:
+7(727) 302-81-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіп-қатерсіз вертуалды кеңістік
05
январь
2025

Қауіп-қатерсіз вертуалды кеңістік

Байланыс және ақпарат саласында жаңа технологиялар пайда бола бастағаннан кейін әлем енді дәстүрлі критерийлермен бағалауға келмейтін жаңа алаңға аяқ басты. Жаңа электрондық технологиялардың пайда болуы виртуалды кеңістіктің қалыптасуына жеткізді.
Оның ең басты үлгісі интернет пен түрлі әлеуметтік желілер саналады. Бұл кеңістік өзінің ерекшеліктері және функцияларының арқасында адамның байланыстары мен қарым-қатынасының үлгісін өзгертті. Соңғы жылдары жаңа технологиялар кең таралғаннан кейін интернетке тәуелділік мәселесі мен пайдаланушылардың мәдени даму мен хабардарлықтан алшақтауынан туындаған сын-қатерлер қауіпті факторға айналып, ахлақтық мәселелер мен интернетті теріс мақсатта пайдаланудың, оқшаулану, үстемшілік пен агрессияның кең таралуына әкеп соқтырды.
Интернет әлемі – пайдаланушылар  үшін қиялдау және шындықтан алшақтау үшін мүмкіндік тудыратын виртуалды әлем.  Виртуалды әлемдегі жалған азаттық – қиялға еркіндік берудің жолы. Интернетке тәуелділік химиялық емес заттарға тәуелділіктің бір түрі саналады. Бұл кеңістік географиялық шекараға бағынбау, адамдардың оны пайдаланудағы еркіндігі және онда мемлекеттік заңдар мен қағидаттардың күшінің жүрмеуі сияқты ерекшеліктерге ие.
Жалпы алғанда виртуалды кеңістік компьютер арқылы байланыс және алыс қашықтықтан географиялық мекенге назар аудармастан байланыс орнату дегенді білдіреді. Бұл терминді алғаш рет ғылыми-фантастикалық әңгімелер жазушы Уильям Гибсон қолданысқа енгізді. Бұл кеңістік сандық деректердің көмегімен жеткізілетін компьютерлік желілерден алынатын ақпараттық көздердің кең спектрін қамтиды.
Интернет қазіргі кезде байланыс орнатудың ең үлкен желісі саналады. Дегенмен, виртуалды кеңістік интернеттен тәуелсіз термин болып табылады, сондай-ақ, виртуалды кеңістіктегі байланыстар интернет пен әлемдік желілерден бұрын қолданыла бастаған. Осы кеңістіктегі пайдаланушылардың бір-бірімен байланыс орнатуы адамдар бір жерде бетпе-бет кездесетін шынайы өмірге керісінше әлемдік деңгейде орын алады. Сондай-ақ,бұл кеңістікте адамдардың тұлғасы белгісіз күйде қалады. Виртуалды кеңістік кез келген жерде және уақытта қолжетімді болып табылады. Интернет – түрлі және сансыз байланыс сигналдарына ие осындай кеңістіктің ең айқын ерекшелігі. Онда әлемнің жер жеріндегі миллиондаған адам виртуалды қоғамдық желілер, электрондық пошталар, чаттар арқылы байланыс орната алады.
Витруалды кеңістікте ешқандай физикалық белгі жоқ. Онда  барлық адамдардың физикалық нышандары мен есімдері белгісіз болғандықтан бақылауға көнбейді. Алайда мұндай кеңістік өзінің технологиясының мықты шекаралары мен ерекшеліктеріне байланысты  белгілі және белгісіз сансыз құрылымдар тарапынан қатаң түрде бақыланады.
Байланыс – басқа  ақпарат құралдарында, соның ішінде, газет пен телевизияда қолжетімсіз болып табылатын көзбе-көз байланыс орнату мүмкіндігін беретін виртуалды кеңістіктің басты ерекшелігі. Аталмыш кеңістік «жаһандану» деп аталатын дәуірде байланыс және ақпараттық технологиялардың пайда болуы мен дамуының арқасында жылдам таралып жатыр. Шын мәнінде, виртуалды әлемде ешқандай ортақ әлеуметтік құрылым болмайды. Бұл белгісіз орта болып табылады.
Жалпы алғанда виртуалды кеңістік ғылым, қызмет ету және адамдардың өмірін жақсарту салаларындағы адамзаттың көптеген жетістіктерінде теңдессіз рөл атқарды деп айтуға болады. Виртуалды кеңістік көптеген құнды әрі пайдалы мүмкіндіктерге ие. Бұл мүмкіндіктерді ғылымды дамыту және түрлі салалардағы білімді арттыру жолында пайдалану қажет. Алайда осындай кеңістікке аяқ басу жас пайдаланушылар үшін мүмкіндік болудан бұрын оларға қауіп-қатер төндіреді. Виртуалды кеңістіктің барлық адамдар үшін қолжетімді болып табылатын ең басты жетістігі онда ақпараттардың тез таралуы.
Дегенмен виртуалды кеңістіктің дамыған және даму үстіндегі елдерге тигізер әсері әртүрлі. Дамымаған елдер көбірек ықпалға түсіп, өздері ықпал ете алмағандықтан дағдарысқа тап болады. Витруалды кеңістіктің қауіп-қатерлерінің бірі ретінде буындар арасындағы қашықтықты атап айтуға болады. Виртуалды кеңістік буындар арасындағы қашықтықты ұлғайтты. Бүгінгі күні жаңа технологиялар отбасылардың өміріне енгеннен кейін ата-аналар мен балалардың бір-бірінің қасында сөйлеспей, сағаттар бойы отыратындығына  куә болып отырмыз.
Бүгінде ата-аналар мен балалар бір-бірімен түрлі отбасылық және жұмысқа қатысты мәселелер туралы әңгімелесіп, бір-бірінен әртүрлі тақырыпта пікір сұрап отыратын отбасылар сирек кездеседі. Қазіргі жағдайда ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы салқындай түскен. Екі буын қоғамдық ерекшеліктер мен әртүрлі өмірлік тәжірибелерге ие болғандықтан, олардың өмірге деген көзқарастары да әртүрлі.