28
август
2025
Конституция күніне орай «Конституцияға саяхат» квест-ойыны өтті
2025 жылдың 28 тамызында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Әуезов ауданы ҚМҚК «№48 бөбекжай-балабақшасы» базасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституцияға саяхат» тақырыбында квест-ойыны өтті.
Бұл мерекелік шараның негізгі мақсаты – балаларды туған елінің басты заңы – Конституциямен таныстыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шараға Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық, Әуезов ауданы Білім бөлімі, Әуезов аудандық әдістемелік бірлестік, аудандық мобильді топ және Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.
Квест-ойын барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Балалар әртүрлі қызықты жерлерге бару арқылы тапсырмалар орындап, Конституцияның маңызын қарапайым тілде түсінді. Ұжымдық жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге үйренді.
Ата-аналар да белсене атсалысып, балалардың құқықтары туралы заңнама бойынша құнды кеңестерімен бөлісті. Бұл шара ата-аналар мен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балалардың жан-жақты дамуына ортақ үлес қосты.
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы балабақша тәрбиеленушілері еліміздің басты құндылықтарын құрметтеп, Қазақстан Республикасының Конституциясының мәнін тереңірек ұғынуға мүмкіндік алуда.