Сенсорлық дамуды қолдау әдістері
Құрметті ата-аналар мен әріптестер! Сенсорлық даму – баланың сезім мүшелері (көру, есту, сипап сезу, иіс, дәм) арқылы қоршаған ортаны қабылдап, тануын білдіреді. Бұл – баланың ақыл-ой дамуының, сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және танымдық қабілеттерінің негізі. Сенсорлық дағдылар неғұрлым ерте және дұрыс дамыса, балада зейін, есте сақтау, ойлау және қиялдау қабілеттері соғұрлым жақсы қалыптасады. 1. Сипап сезу арқылы дамыту (тактильді орта) Бала заттарды қолымен ұстап сезіну арқылы көп